19.08.2021
197

Екеуің де — ақ сұңқар
Базар барып, базардан қазан алдым,
Атқы жеңіл болсын деп тазаны алдым.
Сен есіме түскенде, екі қалқам,
Жерге түскен қамшымды азар алдым.
Қайырмасы.
Бірің - қайың, бірің - тал,
Бірің - секер, бірің - бал.
Қайсыбірін мақтайын,
Екеуің де - ақ сұңқар.
Сары белден сарғайып таң келеді,
Жүйрік аттың артынан шаң келеді.
Өлеңді айт дегенде айта бермей,
Осындайда кей жаман паң келеді.
Қайырмасы.