19.08.2021
  174


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Қарагөз

Мынау қолым, Қарагөз саған созған,
Махабаттың жүректе оты қозған.
От-жалындай көзіме көрінеді,
Желбіреген көйлегің берен боздан.

Қайырмасы:
Қарагөз сәулем көз көрген,
Түн ұйқысын төрт бөлген.
Шақырғанға бармаған,
Сұм басым,үйбай, сөзге ерген.

Жүрген жүріс, Қарагөз, күлген күлкің,
Жанған жүрек қасында болсаң,шіркін!
Сені ойласам, Қарагөз, ас батпайды,
Түнде ұйқым келмейді, күндіз - күлкім.

Қайырмасы.

Қаратаудың басынан түсер сағым,
Сағынғанда кайда едің, ғашық жарым?
Туған айдай секілді сүйген сәулем,
Сенің сұлу болғаның деуші ем бағым.

Қайырмасы.





Пікір жазу