19.08.2021
291
Ақылбайдың әні
Бір ән тауып Әлекең бер деген соң,
Матай да алыс бірталай жер деген соң.
Он минутта ойыма осы ән түсті,
Қапаш-құпаш қолымда сермеген соң.
Қайырмасы:
Ай, аққудай, аққудай,
Ай, аку, дариға-ай!
Ішік кидім пұшақтан құндыз жаға,
Жас дәуренді өткіздім бермей баға.
Ақылжан деп талай қыз тұрушы еді,
Сұмдық шықты дейтұғын 'Ақыл аға'.
Қайырмасы.