19.08.2021
294
Көк көбелек
Әуеде ұшып жүрген көк көбелек,
Жазайын дертің болса су себелеп.
Кеткенде ауылың шалғай, ей, перизат,
Жортайын аш бөрідей тау жебелеп.
Ауылым көшсе қонар көл Қопаға,
Ғашық ем мен де өзіңдей бір ботаға.
Кебістің жалаң аяқ басын іліп,
Шығарып салушы едің жер ортаға.