19.08.2021
  208


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Ақтоқты

Бұл жерде Сырымбеттей тау бар ма екен,
Малға жай Жеке көлдей қау бар ма екен?
Селт етіп оң қабағым көтерілді,
Көңілді қалқам келіп аулар ма екен?

Ақтоқты,кеткенің бе шыныңменен,
Тар жерде бал беруші ең тіліңменен.
Кез болдық дарияның қайраңына,
Зарланып ән шырқаймын бар үніммен.

Алдында есігіңнің балдырған жоқ,
Көңілді сұлу қыздар қалдырған жоқ.
Түсімде ұйықтасамда жанымдасың,
Ояна түрегелсем дәнеме жоқ.





Пікір жазу