19.08.2021
215
Ғайни
Есімнен еш кетпейді Ғайни атың,
Өртеген жүрегімді перизатым.
Бұлақтай көгал қуған таудан құлап.
Бересің кімге арнап бал ләззаттан?!
Қайырмасы:
Ғайни-ау, сәулем,
Жүрегім менің бүйтіп сенің әурең.
Қарағым,өзіңнен де сөзің тәтті,
Сөзіңнен өзің артық инабатты.
Қоянның қолға түскен көжегіндей,
Жаутаң көз, сені қандай адам тапты?!
Қайырмасы.