19.08.2021
  317


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Шәпибай-ау

Дегенде Шәпибай-ау, Шәпибай-ау,
Атымды талға байлап, келдім жаяу.
Атымды талға байлап келсем жаяу,
Шәпи қыз отыр екен ұйқылы ояу.

[Қайырмасы]
Ахоу, қайран жар ай, (3)
Пай-пай-пай!
Бөде үй, бөде үй,
Арман-ай!

Бос үйге ай сәулесі нұрын төгеді,
Шәпи қыз сәлем айтып келсін деп ед!
Шомылған айдын көлде аққудай боп,
Бұраң бел сылаң етіп шыға келед.

[Қайырмасы]





Пікір жазу