19.08.2021
206
Сұр желгенше
Қарағым, айналайын, қалқажаным,
Сенбе едің, бұл жалғанда бар арманым.
Ала алмай хабарынды коптен бері,
Болғанмен сыртым бүтін, іште жалын.
Қайырмасы.
Ахахау, сұр желгенше,
Ахахау, сұр желгенше,
Қош, қалқа, қош-есен бол,
Біз келгенше!
Мінгенім дәйім менің тарлан шұбар,
Мойнына тарлан шұбар тақтым тұмар.
Көре алмай ақ жүзіңді армандамын,
Көңілім құмарланған қашан тынар.
Қайырмасы.