19.08.2021
  242


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Жамал-ай

Қызыл нардың басындай ала ноқта,
Ақ жүзіңді көрейін,айнам,тоқта.
Жерің шалғай болса да іздеп келдім,
Әнеугі айтқан уәдең бар ма,жоқ па?

Қайырмасы:
Жамал-ай, Жамал-ай,
Не жаздым,қалқаш,саған-ай.

Ер салдырдым той болса құла сұрға,
Қу алдырдым жас күнде лашынға.
Тасқын судай тасыған тентек көңіл,
Жылдан жылға барады жуасуға.

Қайырмасы.





Пікір жазу