19.08.2021
  226


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Жайдарман

Көрінсеңші көзіме егіндей боп,
Жаңа шыққан егіннің көгіндей боп.

Қайырмасы:
Жайдарман қара көз,
Жақсы құрбым,майдай сөз.

Аңсап,шаршап алыстан келгенімде,
Жан көрінбей көзіме өзіңдей боп.

Қайырмасы.

Айналайын көзіңнің қарасынан,
Хат жазамын қасыңның арасынан.

Қайырмасы:

Күндіз-түні ауылыңнан шықпас едім,
Мен қорқамын дұшпанның табасынан.

Қайырмасы:
Жайдарман,жақын кел,
Жан жар етем,қолың бер!





Пікір жазу