19.08.2021
168
Жаз болса
Жаз болса жердің жүзі жайнап тұрған,
Ән шырқап бұлбұл құстар сайрап тұрған.
Болғанда қырық күн шілде, сарша тамыз,
Ыстық боп жердің жүзі қайнап тұрған.
Әй, айым,күнім-ай,
Айхай, жаздың күні майдай-ай!
Бөленген жердің жүзі жасыл жібек,
Күлімдеп күнге қарап қылған тілек.
Қалған жоқ елжіремей тастан басқа,
Жан сәулем, тас болды ма сіздің жүрек?