19.08.2021
190
Босмойын
Айта бар, барсаң сәлем босмойынға,
Бос болса, келе кетсин осы ойынға.
Патсайы атылас көрпе белден салған,
Жатты екен қандай жігіт сол қойынға.
Үйреткен домбыраның күйін маған,
Көрсетші сұлулардың үйін маған.
Кешегі жиырма бестің дер щағында,
Нәсіпті тартып алдық бұйырмаған.
Көкжарда бір жатқанда ай жатырмыз,
Самауырын саздың суын қайтармыз.
Осыдан аман есен елге барсақ,
Көздерін бос мойынның жайнатармыз.
Дүние өте шығар дулай дулай,
Ақ бетке ажар кірмес сүтпен жумай.
Қалқатай қылыңытып қайда кеттін
Қанатың қайшылаған аппақ қудай.