19.08.2021
  231


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Алқызыл тас

Қарағым айналайын, қарақат көз,
Тыңдасаң айтар едім азырақ сөз,
лилалай, сәулем, лилалай.
Барлығы мінез-ғұрып бір өзіңді,
Бағыңа қандай адам боласың кез,
лилалай, сәулем, лилалай.

Қайырмасы:
Ахахай, алқызыл тас,
Күнім-ау құрдас.
Көрген жан дидарыңа,
Болмай ма мас,
Лилалай, сәулем,л илалай.

Басыңа биік таудың бір топ шынар,
Қалқатай, бір өзіңе бодым құмар,
лилалай, сәулем, лилалай.
Ойымнан жатсам-тұрсам бір кетпейсің,
Көңілім құмарланған қашан тынар,
лилалай, сәулем, лилалай.

Қайырмасы.





Пікір жазу