19.08.2021
  272


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Ақжайқын көл

Су ағады арықтан шыр айналып,
Өлмегенге мал бітер бір айналып.

Қайырмасы:
Ақжайқын көл,
Жайлайды-ау біздің ел.

Оралыңның барында ойна да күл,
Кім бар, кім жоқ көргенше жыл айналып.

Қайырмасы.

Ауылым көшіп барады Сарымсаққа,
Қой айдадым базарға алымсаққа.

Қайырмасы.

Ауылың алыс кеткенде,ей, қалқатай,
Шықпайды екен шыбын жан сығынсаң та.

Қайырмасы.





Пікір жазу