19.08.2021
219
Шіркін, әннің бұлбұлы-ай
Сен де мендей, ей құрбым, мен де сендей,
Неге селкеу тартасың көрмегендей, сәулем-ай.
Бір ауылдың сыйласқан баласы едік,
Еш нәрсе алып, еш нәрсе бермегендей, сәулем-ай.
[Қайырмасы]
Шіркін, әннің бұлбұлы-ай.
Өтеді дәурен бір күн-ай.
Ойлап тұрсаң дүние шолақ екен,
Бір-біріне адамзат қонақ екен, сәулем-ай.
Қызғалдақтай қызарған қайран жастық,
Қазан ұрмай, қыс түспей салады екен, сәулем-ай.
[Қайырмасы]
Шіркін, әннің бұлбұлы-ай.
Өтеді дәурен бір күн-ай.