19.08.2021
  191


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Ойланшы өзің

Дүние өте шығар құрдай пырлап,
Өтпейді-ау өтерінде, сірә, жарлап.
Екеуің, ойланшы өзің,
Бірге өскен кішкенеден құрбым едің.
Көңіліңді көтерелік күліп-ойнап,
Екеуің, ойланшы өзің.

Дүние өте шығар басыңыздан,
Бала едің әдеп көрген жасыңыздан,
Екеуің, ойланшы өзің.
Он бес пен жиырманың арасында,
Кетпейтін келген кісі қасыңыздан.
Жан қалқам, ойланшы өзің.





Пікір жазу