meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  19.08.2021
  219


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Қарға

Қарғам-ау, сен қалайсың мен дегенде,
Құриды ынтызарым сен дегенде.
Аршын төс, алма мойын, беу, қарағым,
Бал татыр сілекейің шөлдегенде.

Қарғам-ау, ризамын сертке жетсең,
Жерлерден қиын-қыстау аман өтсең.
Бірге өскен кішкентайдан, қарғатайым.
Өзің біл, ғашығыңды зар еңіретсең!





Пікір жазу