meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  19.08.2021
  246


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Қара көзім

Аулым көшіп барады белден басып,
Белден асқан бұлтпенен араласып-ай.
Аулың алыс кеткенде, әй қарағым,
Ақ қағазбен жүрелік амандасып-ай.

Қара көзім,
Бар ма есіңде сондағы
Айтқан сөзім-ай.

Аулым көшіп барады лай көлге,
Шағи бешпет жарасар қынай белге-ай.
Аулың алыс кеткенде, қара көзім,
Көз жасыңды көл ғылып жылай көрме-ай.

Қара көзім,
Бар ма есіңде сондағы
Айтқан сөзім-ай.





Пікір жазу