19.08.2021
  182


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Қалқатайым

Басы еді өлеңімнің-ей, айым-қайым-ей,
Бітеді саздау жерге-ай, тал мен қайың-ей.
Көп айдың көрмегелі-ей, жүзі болды-ей,
Жүрмісің аман-есен-ай, қалқатайым-ай.

Ахай айым, қаулілі лайым,
Кез болса осындайда-ай,
Қалқатайым-ай.

Қалқатай, сен дегенде-ей, неден жаздым-ей,
Сабағын сарымсақтың-ай белден қаздым-ай.
Кеткенде аулың алыс, ей, қимас қалқам-ай,
Еске алып бірнеше рет-ай, хаттар жаздым-ай.

Ахай айым, қаулілі лайым,
Кез болса осындайда-ай,
Қалқатайым-ай.





Пікір жазу