19.08.2021
234
Жеңеше
Айдап салдым жылқымды тепсең жерге,
Сіздей адам табылмас ексем жерге.
Намаздыгер, намазшам арасында,
Асыққаннан тимейді өкшем жерге.
А-а-ай, жеңеше-ай.
Мінезің сенің өзгеше-ай.
Айдап салдым жылқымды ошағанға,
Салсам құрық жетпейді қашағанға.
Аулың шалғай кеткенде, беу қарағым,
Нендей медет етейін жасағанға.
А-а-ай, жеңеше-ай.
Мінезің сенің өзгеше-ай.