18.08.2021
  194


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Ей, қалқа

Ей, қалқа, ғашық болдым жамалыңа,
Қызықпас кімдер көрсе ажарыңа.
Құрбым деп нәсілім теңдес сөз айтқанда,
Тигізбе қатты жауап назарыма.

[Қайырмасы]
Алалым, міне, қызық заманым.

Ей, қалқа, дәнекерсің айнадағы,
Жақындық ер адамға пайда-дағы.
Өксітпей жауабыңды қайыр, сәулем,
Ақ шәйі орамалға байла-дағы.

[Қайырмасы]
Алалым, міне, қызық заманым.





Пікір жазу