18.08.2021
208
Ей, бұлбұл
Құла кермен аулыңа аяңдайын,
Жүрсек сырын өзіңе баяндайын.
Ұға алмасаң жүректің ләззатын,
Жан сәулем деп айтудан аялдаймын.
Ей, бұлбұл-ай, бұлбұл-ай,
Алтыннан сырға, қима бел.
Сауықшыл сайран біздің ел,
Еу, айдай.
Көксала үйрек ұшады аспанменен,
Таң ата ма мезгілсіз сасқанменен.
Кісі жары кісіге жар болмайды,
Қанша мақтап өлеңге қосқанменен.
Ей, бұлбұл-ай, бұлбұл-ай,
Алтыннан сырға, қима бел.
Сауықшыл сайран біздің ел,
Еу, айдай.