18.08.2021
  231


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Ей, Ақмарал

Басылмас қартайғанша-ей жастық серпін,
Жасымнан еркеледім емін-еркін.

Ей, Ақмарал,
Сұлу бикеш,
Жан сәулем.

Келмейді тұрсам күлкім-ей, жатсам ұйқым,
Сіңірмес ішкен асты сенің дертің.

Ей, Ақмарал,
Сұлу бикеш,
Жан сәулем.

Бұлбұлдың даусы жақсы-ей, сайрағанда,
Тарантас қозғалады майлағанда.

Ей, Ақмарал,
Сұлу бикеш,
Жан сәулем.

Өтпейді ішсем асым-ей, тамағымнан,
Қалқатай не болар деп ойлағанда.

Ей, Ақмарал,
Сұлу бикеш,
Жан сәулем.





Пікір жазу