18.08.2021
  188


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Ей-ей, шіркін

Ендеше ән баяулы-ей, ән баяулы-ей,
Жігіттің жарлы болар-ей, шіркін-ау, жаны аяулы-ей.
Өткізбе өміріңді-ей, бостан-босқа-ей,
Барады өтіп жалған-ей, шіркін-ау, күн санаулы-ай.

Жігітке өлең де өнер-ей, өнер де өнер-ей,
Шын жүйрік өрге салса-ей, шіркін-ау, өршеленер-ай.
Жігіттер осындайда-ей, талпынып қал-ей,
Шырағың жанып тұрған-ей, шіркін-ау, бір күн сөнер-ай.





Пікір жазу