18.08.2021
  196


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Ғалия

Сақинадай таңдап алған саңлағым,
Топ ішінде дара тұрар ардағым.
Еске түссең, сені ойласам, Ғалия-ау,
Қозғалады жан дүнием, зарларым.
Қозғалады жан дүнием, зарларым.

Түсінбедің, балалықпен ұқпадың,
Жүрегімнің жалғыз сен деп соққанын.
Сезім еді махаббатқа бөленген,
Күнде өртейді сенен қалған от-жалын.
Күнде өртейді сенен қалған от-жалын.

Қалай ғана жүрегімді жандырдың,
Неге мұнша көңілімді қалдырдың.
Жүрегімнің жалғыз сен деп соққанын,
Түсінбедің, балалықпен ұқпадың.
Түсінбедің, балалықпен ұқпадың.





Пікір жазу