18.08.2021
292

Бүлдірген
Қонғаны аулымның ой болса екен,
(Қорадан өріп шығар қой болса екен.)
Ойдан төмен жайылған қой болса екен.
Тілеуін екі жастың біз тілейік,
Мереке, күнде осылай той болса екен.
[Қайырмасы]
Бүлдірген,
Қандай жақсы,
Құрбылармен бір жүрген.
Қарағайлы, ендеше қарағайлы,
Қарағайды көп жылқы аралайды.
Жақсы-жайсаң осылай бас қосқанда,
Бекер қарап отырған жарамайды.
[Қайырмасы]
Бүлдірген,
Қандай жақсы,
Құрбылармен бір жүрген.