18.08.2021
222

Бөз жаулық
Көк етігім қонышы тар кие алмаймын,
Әкем менен шешемді қия алмаймын, еркем-ай.
Базардан алған бөз жаулық,
Шетінен алдым бір баулық.
Айналайын туысқан,
Сіздерге берсін денсаулық.
Мен қайтейін ауылдан кетіп барам,
Бауырларым жас еді, кһп ойлаймын, еркем-ай.
Базардан алған бөз жаулық,
Шетінен алдым бір баулық.
Айналайын туысқан,
Сіздерге берсін денсаулық.
Асау тайдай алшақтап жүрген басым,
Қандай жанның қолына қаратасың, еркем-ай.
Базардан алған бөз жаулық,
Шетінен алдым бір баулық.
Айналайын туысқан,
Сіздерге берсін денсаулық.