18.08.2021
238

Баянайым
Дүние бір сұлу қыз бұраңдаған,
Жүрме аттың артынан сыр алмаған.
Ахау.
Сабыр түбі сары алтын деп жүргенде,
Сан соқтырып кетпесін бір оңбаған.
Ахау.
Баянайым, нұрлы-ау қайың,
Кімдер әуес болмаған, қалқатайым.
Ойлап тұрсам дүние шолақ екен.
Бір-біріне адамдар қонақ екен.
Ахау.
Достарыңның барында сыйласып қал.
Бұл дүниенің қызығы сол-ақ екен.
Ахау.
Баянайым, нұрлы-ау қайың,
Кімдер әуес болмаған, қалқатайым.