18.08.2021
  267


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Балапан қаз

Бұл өлке біздің ауыл жайлаған жер-ай,
Желіге асау құлын байлаған жер-ай.
Көзіме от жалындай көрінеді-ай,
Айқасып құлын-тайдай ойнаған жер-ай.

Ей, ақау сабаз,
Ұшырдым ұясынан балапан қаз-ай.

Бұл өлке біздің ауыл күзеген жер-ай,
Қаракөз бойын сылап түзеген жер-ай.
Көзіме от жалындай көрінеді-ай,
Қолаң шаш уәдесін үзбеген жер-ай.

Ей, ақау сабаз,
Ұшырдым ұясынан балапан қаз-ай.





Пікір жазу