18.08.2021
  194


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Әттең, шіркін қыздар-ай

Айналайын көзіңнен, бота көзім,
Ойымдағы өзге емес, жалғыз өзің, алгідіг-ай,
Аулың алыс кеткенде, ей қалқажан,
Естен кетпес, қош болғай, деген сөзің, алгідіг-ай.

Әттең, шіркін қыздар-ай,
Әсем сұлу жүздер-ай.
Ыстық лебің бойды алды,
Бейне аққу жүзгені-ай.

Ұстатпайды жылқыда қара бедеу,
Сусыз жерге көп шығар елеу-селеу, алгідіг-ай,
Аулың алыс кеткенде, ей қалқажан,
Қош есен бол дегенің о да медеу, алгідіг-ай.

Әттең, шіркін қыздар-ай,
Әсем сұлу жүздер-ай.
Ыстық лебің бойды алды,
Бейне аққу жүзгені-ай.





Пікір жазу