18.08.2021
  221


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Әпитөк /2-нұсқа/

Сарғайдым жолыңа мен қарай-қарай,
Хабарсыз кеттің сәулем неге бұлай, Әпитөк.
Жастықтың ауыртпалық толқынында,
Жүрмісің ойда қалып әлдеқалай, Әпитөк.

[Қайырмасы]
Тіл хат жоқ,
Ақша маңдай, қара қас,
Өзіңіздей бекзат жоқ.
Ахау,
Тым болмаса хат пен хабар,
Сөзің жоқ.

Аққудай айдын көлде алтын қаңбақ,
Жүруші ем бір өзіңді мыңға балап, Әпитөк.
Сен кетсең арамыздан алыс жаққа,
Кетпей ме ауылымыздан базар тарқап, Әпитөк.

[Қайырмасы]
Тіл хат жоқ,
Ақша маңдай, қара қас,
Өзіңіздей бекзат жоқ.
Ахау,
Тым болмаса хат пен хабар,
Сөзің жоқ.





Пікір жазу