18.08.2021
  219


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Әпитөк /1-нұсқа/

Басында биік таудың мұнары бар,
Мойнында көк бестінің тұмары бар, әпитөк.
Құрбылар, бұл қалай деп сөге көрме,
Ғашықтың тарқамаған құмары бар, әпитөк.

Тіл-хат жоқ,
Ақша маңдай, қаракөз,
Өзіңіздей бекзат жоқ.
Тым болмаса,
Хат пен хабар,
Сөзің жоқ.

Басынан биік таудың мұнар кетпес,
Кей адам уәде берген сертке жетпес, әпитөк.
Кебістің жалаң аяқ басын киіп,
Ей, қалқа, қош дегенің естен кетпес, әпитөк.

Тіл-хат жоқ,
Ақша маңдай, қаракөз,
Өзіңіздей бекзат жоқ.
Тым болмаса,
Хат пен хабар,
Сөзің жоқ.





Пікір жазу