18.08.2021
  238


Автор: Асаба (тамада)

Түсініспеушілік

Аш бала тоқ баламен ойнамайды
Тоқ бала ештенені ойламайды


Өткен ғасырдың 30-шы жылдары болған ашаршылықта Приволжиядағы орыстардың бәрі «Ташкент – тойымды қала» -деп, өзбектердің астанасына қарай бет алған. Бір күні қалада бай, қарны тоқ өзбек келе жатыр дейді.
Жерде, ашаршылықтан әлсіреп, жанын құдайға тапсырайын деп жатқан бір орысты көріпті:
- Мынау орыс мынау жерде неге жатыр? –деп қасындағылардан сұрайды әлгі өзбек.
- Бұл орыс қарны ашып, аштықтан өлейін деп жатыр – дейді қасындағылар.
- Түсінсем Құдай ұрсын! Қарны аш болса - үйіне барып палау дайындап жемейді ме? –депті бай өзбек.





Пікір жазу