Алдын-ала төлеу
Бір күні ауылда тұратын Қазекең қалаға базарға бет алып, ауыл ішімен жол тартып бара жатыр екен. Ауылдағылар, оның базарға бара жатқанын біліп, оған тапсырыс бере бастапты:
- Әй, Жиен! Маған базардан бір көйлек ала кел. Ақшасың сен оралған сәтінде беремін- дейді нағашысы атта жүріп баражатқан жиеніне.
- Әңгіме жоқ! Міндетті түрде, өзіме алмасамда саған алып келем, нағашы- дейді Қазекең.
Екінші ауыл тұрғыны:
- Әй, Нағашы! Маған базардан бір етік алып келе сал, өтініш. Ақшасын етікті алып келген сәтте беремін- деп айқайлайды жиені, үйінің жанында тұрып, нағашысына.
- Әлбетте! Өзіме етік алмасам да, саған алып келемін – дейді Қазекең, аттын үстінде кетіп бара жатып.
Ауылдан шығаберісіңде, жолдың жағасында тұрған бір бала оған қолын созып:
- Ағатай! Қалаға барсаныз маған базардан бір ысқырық алып келіңізші. Міне сізге бес тенге.
Қазекең атты тоқтатып, аттан жерге түсіп, бес тенгеге қарап, баланың басынан сипап:
- Балақай! Мен дәл бүгін нағашымның жаңа көйлек киетінін-кимейтінін білмеймін. Мен дәл бүгін жиенімнің жаңа етікпен жүретінін-жүрмейтініне көзім жетпейді. Бірақ мен саған сөз берем: бүгін сенің ысқырығың ауылда жер жарады!