Оқу-білім туралы.
Егерде сіз Шымкент өнірінде шілде кезінде болмасаныз – сіз әле онтүстік не екенін толық білмейтін боларсыз.
Сондай шілденің аса бір ыстық күңнің бірі еді. КазТрансОйл. Вахта қалашығы. Жаңадан қосылған өндірістік нысананаға комиссия келу қарсанында. Ауа температурасы Цельсия бойынша +43 градус. Ауысым бастығынын тапсырысы бойынша 10 жігіт күннін астында таң ертеден бастап тынымсыз бетон құю жұмыстарын жүргізуде. Ауысым бастығы бір сағатта бір рет жұмыс басына келіп:
- Жігіттер! Жеделтейік. Жоғарыдағы басшылар телефон шалып жатыр. Жұмысты күн батқанша бітіріп, үлгеру керек –деп, тірліктін маныздғына көніл бөліп, кондиционері бар болмесіне газет оқу, телевизор көруге кетеді.
Онын жұмысы осылай күні бойы өтеді. Күн батар алдын, аппақ койлек киген, көзінде қара қөзілдірігі бар аусым бастығы жігіттердін сонғы бетон қарытпасын құйып жатқанын көреді.
- Басеке! Жұмысты аяқтап ұлгердік! – дейді жігіттердін біреуі.
Аусым бастығы, шекесінен лезде жіпсіп шыққан терді десарамалмен сүртіп:
- УУУФФФФ! Біттік-ау! –дейді ол, күні бойы жігіттермен бетон құйған адам секілденіп, сөйтіп өзінің бөлмесіне әрі қарай демалуға кетеді.
Жігіттердін барлығы бір сәтке үн шығармай, бір-біріне қарап, ойланып қалады. Бір уақытта арасындағы біреуі:
-Айтқан еді әкем: «Оқы! Оқы!»- деп, күректі лақтырып, жуунуға кетті. Бәрінін көздерінен онымен келусіді оқуға болатын еді.