18.08.2021
  210


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Әги, қалқаш, Қазиза-ай

Дәйім менің мінгенім мұз көк ала-ай,
Сала алмас осы әнге бала, әгигәй.

Қыл өтпес арамыздан тату едік-ай,
Арадағы айрылдық сөзге бола, әгигәй.

Әги-әги-әги-гәй,
Әги, қалқаш, Қазиза-ай.

Бір қамшы бар қолымда бұйра сапты-ай,
Сол қамшым бұйра сапты жұртта қапты, әгигәй.

Қыл өтпес арамыздан тату едік-ай,
Қызыл тіл арадағы бұйра сапты, әгигәй.

Әги-әги-әги-гәй,
Әги, қалқаш, Қазиза-ай.





Пікір жазу