18.08.2021
244
Ахау, жар
Ендеше торы дөнен, торы дөнен,
Болады байдан кедей соры жеңген, ахау, жар.
Жел сөзді бес-алты ауыз аямаймын,
Осындай Құдай айдап кезім келген, ахау, жар.
Қайыңның қар жұқпайды күрегіне,
Тартады жақсы нәрсе сүйгеніне, ахау, жар.
Үстіне тамашаның кезім келді,
Жеткізсін әр пендені тілегіне, ахау, жар.