18.08.2021
  209


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Арман-ай

Ой, дүние, жас уақытта ойнап, күлсек,
Біраз күн көріп қызық, дәурен сүрсек.
Көзіне әркімдердің түсер едік,
Қол жетіп тәуір киіп, жақсы ат мінсек.

Шіркін-ай, шіркін-ай,
Бұл дүниенің қызығы –
Ойнап-күлген дәурен-ай.

Осындай ахахаулар бүгін көрсек,
Бос кеткен өмір екен – ойлап білсек.
Дүниеде қайда жүрсек қор болмаспыз,
Соңынан өнер-білім зыр жүгірсек.

Шіркін-ай, шіркін-ай,
Бұл дүниенің қызығы –
Ойнап-күлген дәурен-ай.





Пікір жазу