18.08.2021
218

Аппақ-аппақ қояндай
Өлең басы бісміллә деп айтады,
Жаратымсыз жаман сөз не айтады, сәулем-ай.
Бәрімізді жаратқан Жаппар Құдай,
Құдайды айтпай әуелі не айтады, сәулем-ай.
Аппақ, аппақ қояндай,
Тасқа жаққан бояудай,
Жасымда айтқан өлеңді,
Қартайғанда қоям ба-ай.
Өлең айтқым келмейді ерінгенде,
Бойым байсал тартады керілгенде, сәулем-ай.
Жерден алтын тапқандай қуанамын,
Тақияның төбесі көрінгенде, сәулем-ай.
Аппақ, аппақ қояндай,
Тасқа жаққан бояудай,
Жасымда айтқан өлеңді,
Қартайғанда қоям ба-ай.
Өлеңімді айтамын өрнекпенен,
Ол да ғұмыр жақсыны көрмек деген, сәулем-ай.
Жабы, жүйрік әр жерде жатыр толып,
Жарым кезден жаясы сербектелген, сәулем-ай.
Аппақ, аппақ қояндай,
Тасқа жаққан бояудай,
Жасымда айтқан өлеңді,
Қартайғанда қоям ба-ай.