18.08.2021
  197


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Алтай

Мұнартып кәрі Алтай бұлт ораған,
Алма бетін ақ қарменен сұлу тау опалаған.
Маржан таққан сәукелең шың басыңа,
Ноқат салып таспенен кербез тау шұбарланған.

Бүгін Алтай,
Жаңарғандай,
Жаңарғандай,
Ұйқысынан оянып,
Шаттанғандай,
Шаттанғанда-ай!

Азияның Алтайым қазынасы,
Алтын-күміс, мысы мен таусылмас асыл тасы.
Өндірісін Риддер өркендеткен,
Сартылдайды жұмыскер жаңғырған ай балтасы.

Алып Алтай,
Құшағында-ай,
Құшағында-ай,
Ақтарылып ен байлық
Кен шығады-ай,
Кен шығады-ай!





Пікір жазу