18.08.2021
  248


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Алматы мен Қоғалы-ай

Дүние өтеді тағы да, дүние өтеді, ахоу,
Оймақсыздың қолынан ине өтеді, әләулім-ай.
Күлің барда күнде ойна, мынандайда, ахоу,
Сұм жалғанның түбіне кім жетеді, әләулім-ай.

Алматы мен Қоғалы-ай!
Әркімнің көңілі жоғары-ай!
Аса байлық не керек,
Ден сау болса болғаны-ай.

Жүгіріп шықтым белеске,
Белес жақын емес пе.
Осы отырған отырыс
Бір ғанибет емес пе-ай!

Қаршыға алған, ендешен, қаршыға алған, ахау,
Қаршыға алған жерімде қамшым қалған, әләулім-ай.
Сізді тапқан анаңа бәрекелді, ахау,
Жауқазынның түбінен аршып алған, әләулім-ай.

Алматы мен Қоғалы-ай!
Әркімнің көңілі жоғары-ай!
Аса байлық не керек,
Ден сау болса болғаны-ай.

Жүгіріп шықтым белеске,
Белес жақын емес пе.
Осы отырған отырыс
Бір ғанибет емес пе-ай!





Пікір жазу