18.08.2021
  218


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Алла жар

Өлең басы бісміллә деп айтайық, ай,
Жарасымсыз жаман сөз неге айтайық.
Алла жар.
Бәрімізді жаратқан Жаппар Құдай, ай.
Құдайды айтпай алдымен, нені айтайық.
Алла жар.

Бола берсін Алла жар,
Шырқа, сәулем, әнге сал.

Тойда өлең айтамыз бісмілләлап, ай,
Жараспайды отырған бекер қарап.
Алла жар.
Топтан озған өлеңмен тұлпар болсаң, ай,
Қосылайын тұсыңнан қабырғалап.
Алла жар.

Бола берсін Алла жар,
Шырқа, сәулем, әнге сал.





Пікір жазу