18.08.2021
225

Алқоңыр
Еркем-ай, дәнекерсің айнадағы,
Шашақсың жалаулатқан найзадағы.
Жаратқан ақ боз аттай сылаң қағып,
Бейуақыт сейілге шық жайна-дағы.
Ахау-ахау, алқоңырдай,
Ән салсаң, ей, бозбала,
Сал осылай.
Жазайын ақ қағазға тізілдіріп,
Қалқаға сөз сөйлейін сызылдырып.
Отырсын ақ отауда мәслихатпен,
Шіркіннің екі көзін сүзілдіріп.
Ахау-ахау, алқоңырдай,
Ән салсаң, ей, бозбала,
Сал осылай.