18.08.2021
  191


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Ақбөбек

Ақбөбек, кеткенің бе серттен тайып,
Адамды кім айырар ерлі-зайып.
Бірге өскен кішкентайдан Бөбек едің,
Көңілім сенің үшін болды ғайып.

Қараймын жабағыңнан қаздай бойлап,
Ақбөбек, отырмысың ақыл ойлап.
Бірге өскен кішкентайдан Бөбек едің,
Қызығын көре алмадым бір күн ойнап.





Пікір жазу