18.08.2021
  238


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Ақбаян

Енді есен бол, Баянның қалған елі,
Сен де есен бол, Арқаның қоңыр желі-ай.

Ақбаян,
Ақ жүрегім көпке аян.

Қаз қаңқылдап жататын, қу сұңқылдап,
Құмық меруерт ақ қайран шалқар көлі-ай.

Ақбаян,
Ақ жүрегім көпке аян.

Баян көлі айнадай мөлдір бұлақ,
Жататұғын сарқырап, ағын құлап-ай.

Ақбаян,
Ақ жүрегім көпке аян.

Көк иісті майсаны жарып құлап,
Қызығына тоймайсың, жатсаң сұлап-ай.

Ақбаян,
Ақ жүрегім көпке аян.





Пікір жазу