18.08.2021
  176


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Ақ ерке

Ойыл қайда, Жем қайда, Сағыз қайда,
Өткір қылыш, жүйрік ат жанға пайда.
Ат сабылтып алыстан келгенімде,
Қарсы алатын құрметтеп сәулем қайда.

Ақ ерке, аман бол сен,
Шыбыным, шыбыным,
Ойналық кел,
Шашбаулым, шашбаулым.

Тәтті сөзің көңілімді кетті басып,
Айта алмадым тар жерде сырымды ашып.
Сен алтынға балаған құрбым едің,
Қоштасайық, кел бермен, құшақтасып.

Ақ ерке, аман бол сен,
Шыбыным, шыбыным,
Ойналық кел,
Сырғалым, сырғалым.





Пікір жазу