18.08.2021
  196


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Ақ айдар

Айналайын көзіңнен жалт-жұлт еткен,
Кім бар еді арада саған жеткен.
Дүниеде не маңғаз туса-дағы
Теңгермеймін ізіне басып кеткен.

Ей, Ақ айдар!
Сұлулардың көзі ойнар.
Көкем-ай, көкем-ай!
Қиылған қас екен-ай,
Алқара-көк жаз жайлап,
Шәйі орамал бір байлап,
Санаменен сарғайдым,
Сағындым, сәулем, сені ойлап.





Пікір жазу