18.08.2021
185
![](/uploads/shorttexts/author_image/unnamed[11].jpg)
Ай-хай, заман-ай
Өлеңді неге отырмыз дүрілдетпей,
Ай-хай, заман-ай.
Қалайық дүрілдетіп заман өтпей,
Әй, уәй.
Барында оралыңның ойна да күл,
Ай-хай, заман-ай.
Түбіне заманның тұр өзім жетпей,
Әй, уәй.
Мың салсаң, бір баспайды шабаныңыз,
Ай-хай, заман-ай.
Ауырар жаяу жүрсе табаныңыз,
Әй, уәй.
Барында оралыңның ойна да күл,
Ай-хай, заман-ай.
Болады әлде қандай заманымыз,
Әй, уәй.