18.08.2021
  169


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Айнам шырақ

Ішімді біл деген соң, ішімді біл, айнам шырақ,
Өткен дәуір бұрынғы есіңде ме.
Өткен дәуір бұрынғы есте болса, айнам шырақ,
Көп ойланып ал оны есінемей.
Қызыл өрік деген соң қызыл өрік, айнам шырақ,
Біреуіңе біреуің болдың серік.
Базары бар ешкімді алмаушы едім, айнам шырақ,
Мен айналдым, шырақ-ау, сізді көріп.





Пікір жазу