18.08.2021
  214


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Айқызыл гүл

Деуші едім айқызыл гүл, айқызыл гүл,
Болғанда қасың қара, тілің – бұлбұл.
Шал болып қартайған соң сәнің кетер,
Қалқатай, шамаң келсе, ойна да күл.

Деуші едім әуелім көп, әуелім көп,
Айтамын деп қолға ап, сөз болсын деп.
Ойнап, күл келсе шамаң, ойна да күл,
Береді кімге опа дүние бұл.





Пікір жазу